02
қазан
2026
Нурхашым Гүлдана
Мен, Нурхашым Гүлдана, 1987 жылдың 3 қарашасында Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келдім.2005–2009 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жоғары білім алып, педагог мамандығын тәмамдадым. Білімімді жетілдіру мақсатында 2015–2017 жылдары екінші жоғары білім алдым.
Еңбек жолымды 2009 жылы Алматы қаласындағы №86 балабақшада бастап, 2010 жылға дейін тәрбиеші қызметін атқардым. 2010–2020 жылдар аралығында «Көктөбе» ЖШС балабақшасында қызмет етіп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында мол тәжірибе жинақтадым.
2020–2024 жылдары Алматы қаласындағы №135 жалпы білім беретін мектепте мұғалім болып еңбек еттім. Педагогикалық қызмет барысында кәсіби біліктілігімді үнемі жетілдіріп, білім беру мен тәрбие беру ісіне белсенді үлес қостым.
Қазіргі таңда «Жаскент» бөбекжай бақшасының меңгерушісі қызметін атқарып келемін. Өз қызметімде балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға, педагогтердің кәсіби өсуіне ықпал етуге және сапалы мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытуға ерекше мән беремін.
Отбасылымын, бала тәрбиелеп отырған анамын.
Мақсатым – заманауи талаптарға сай білімді, тәрбиелі, шығармашыл ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімді қосу.